«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында 9 «Г» сыныбында «Тәуелсіздік — болашақтың тірегі» тақырыбында дебаттар өткізілді. Оқушылар Тәуелсіздіктің ел болашағы үшін маңыздылығын, жас ұрпақтың оны дамыту мен ұлттық құндылықтарды сақтаудағы рөлін талқылады. Дебат барысында оқушылар өз көзқарастарын белсенді түрде қорғап, дәлелдер келтіріп, диалог мәдениетіне үйренді. Іс-шара оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, шешендік қабілеттерін және азаматтық жауапкершілігін дамытуға ықпал етті.





