🌹💐🌸 Халықаралық әйелдер күні — 8 Наурыз мерекесі қарсаңында мектепте ұстаздар мен ата-аналарға арналған «Аяулы анашым» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті.
Бұл күні мектеп сахнасы жылулыққа, ризашылық пен шынайы эмоцияларға толы болды. Оқушылар ең қымбатты да аяулы жандар — аналар мен ұстаздарға арнап әсерлі әндер, би қойылымдары, өлеңдер мен құттықтаулар дайындады.
Мерекелік бағдарлама барлық әйелдерге деген құрметтің, сүйіспеншілік пен алғыстың жарқын көрінісіне айналды.
Концерт көрермендерге көтеріңкі көңіл күй, жылы атмосфера және шаттық сыйлады.
Көктемнің, сұлулық пен шабыттың мерекесі құтты болсын! 💐





