Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 5 "Д" сыныбында "Өз ойыны" танымдық ойыны өткізілді. Оқушылар командаларға бөлініп, Қазақстан тарихы, Мемлекеттік рәміздер, Ұлы тұлғалар, Отанымыздың дәстүрлері мен табиғаты тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап берді. Ойын жарыс элементтері бар викторина түрінде өтті. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту, өз елінің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерді қалыптастыру және Отанның мәдениеті мен дәстүрлеріне қызығушылықтарын дамыту.





