Гуманитарлық ғылымдар онкүндігі аясында ағылшын тілінің мұғалімі Айгерім Серікқызы Шияпова 6 «А» сыныпта «Weather Conditions» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ топтық түрде өтті, бұл білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға, командада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға және ағылшын тілін үйренуге ынталандыруды арттыруға ықпал етті. Сабақ барысында «Ауа райы» тақырыбы бойынша лексиканы жандандыруға және ауызша сөйлеуді дамытуға бағытталған оқытудың түрлі әдістері мен тәсілдері қолданылды.
Сабақтың құрылымы қисынды құрылып, кезеңдері бірін бірі ауыстырды. Мұғалім қолайлы психологиялық жағдай жасап, әрбір оқушының оқу процесіне қатысуын қамтамасыз етті. Балалар тапсырмаларды орындауда белсенділік, қызығушылық пен бастамашылық танытты.





