"Петропавл қаласының білім бөлімі" КММ "№ 4 орта мектеп" КММ
Ресми интернет-ресурс

Экологиялық айлық «Жасыл өңір – жасампаз болашақ» және республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында 16 наурыз күні мектебімізде «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаты өтті

Экологиялық айлық «Жасыл өңір – жасампаз болашақ» және республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында 16 наурыз күні мектебімізде «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Іс-шараға 9 «Г» сынып оқушылары қатысты. Сынып сағатының негізгі мақсаты — оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жері мен Отанына — Қазақстанға деген сүйіспеншілік пен құрметті арттыру, сондай-ақ туған өлкенің табиғатын қорғауға, тазалығын сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. 🌿🇰🇿