✨ «БІЛІМ КҮНІ – ДЕНЬ ЗНАНИЙ – 2026» ✨🎓
Біздің мектепте жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті!
Мектеп директоры Сауле Бағытқызы Қаратаева оқушыларды, ата-аналар мен қонақтарды құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік пен биік жетістіктер тіледі.
Қонақтар мен мектеп өкілдері жылы лебіздерін білдіріп, оқушыларға білім кілттерін және сыйлықтар табыстады.
🌸 Бірінші сынып оқушылары үшін бұл – білім әлеміне жасалған алғашқы қадам. Түлектер оларға ақ тілектерін айтып, армандарына жетуге шабыт берді.
Жаңа оқу жылы жаңа жеңістерге, жарқын жетістіктерге және жақсы жаңалықтарға толы болсын! 🌟
Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылымен! 🎉





