"Петропавл қаласының білім бөлімі" КММ "№ 4 орта мектеп" КММ
Ресми интернет-ресурс

9 ақпан күні мектебімізде гуманитарлық пәндер онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті

📚 Гуманитарлық пәндер онкүндігінің ашылуы
«Білім мен білік марафоны»
📅 9 ақпан күні мектебімізде гуманитарлық пәндер онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.
Екі ауысымның оқушылары ағылшын және орыс тілдері, әдебиет пен тарих пәндері бойынша танымдық тапсырмаларға белсене қатысып, білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Дұрыс жауап берген оқушыларға тәтті сыйлықтар табысталды 🍬😊
Іс-шара қызықты әрі жылы атмосферада өтіп, онкүндіктің сәтті бастамасы болды.
🎯 Онкүндіктің мақсаты:
оқушылардың гуманитарлық пәндерге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, тілдік және коммуникативтік дағдыларын жетілдіру, тарихи ойлау мен жалпы мәдениетін қалыптастыру.