27 қаңтар күні «Заң және тәртіп» айлығы аясында мектебімізде 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
🎓 Іс-шара қонағы — «Азаматтық авиация академиясы» АҚ «Авиациялық техника және технологиялар» кафедрасының профессоры Ерғалиев Дастан Сырымұлы.
Кездесу барысында спикер оқушыларды Азаматтық авиация академиясында білім алудың мүмкіндіктерімен жан-жақты таныстырды. Атап айтқанда, төмендегі мәселелерге ерекше назар аударылды:
оқу түрлері: бюджеттік және ақылы негізде;
тұру жағдайлары, оның ішінде жатақханамен қамтамасыз ету;
түлектердің кәсіби дамуы мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері.
✈️ Кездесу еркін форматта өтіп, оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, оқуға түсу талаптары, білім беру ерекшеліктері және авиация саласындағы болашақ мамандықтар туралы қызығушылық танытты.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға ақпараттық флаерлер таратылды.
Осындай кездесулер жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға және өз даму жолдарын айқындауға мүмкіндік береді. @agakaz_almaty ұжымына және Ерғалиев Дастан Сырымұлына мазмұнды әрі шабыттандырарлық кездесу үшін алғыс білдіреміз! 🙌✨





