26 қаңтарда мектептің педагогикалық және техникалық қызметкерлері үшін «Киберқауіпсіздік» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді.
Спикер ретінде СҚО Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Балацкая Милена сөз сөйледі.
Кездесу барысында интернет-алаяқтардың құрбаны кез келген адам болуы мүмкін екені атап өтілді. Қазіргі таңда алаяқтар бір ғана тәсілмен шектелмей, бірнеше схеманы біріктіріп, барған сайын айлакер болып, өздерін сенімді әрі кәсіби түрде таныстыруда.
Қаскөйлер қоңырау шалып, өздерін: ұялы байланыс және пошта қызметінің мамандары, коммуналдық қызмет өкілдері, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері (медициналық тексеруге кезек, дәрігерге жазылу), құқық қорғау органдарының өкілдері, сәлемдеме жеткізу және алу қызметтері
ретінде таныстырады және т.б. Кездесу қатысушыларына сақ болу, жеке деректер мен құпия кодтарды ешкімге бермеу, сондай-ақ кез келген күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сын көзбен қарау қажеттігі ескертілді. Кездесу соңында барлық қатысушыларға киберқауіпсіздік бойынша жадынамалар таратылды. 🛡️ Сақ болыңыздар!





