25 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында 6 «В» сыныпта «Ш. Айтматов - халық жазушысы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар тақырып бойынша сөздік қорларын кеңейтті, мәтінмен жұмыс істеп қызық тапсырмалар орындады. Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы білім алды. Сабақ жылы, белсенді атмосферада өтті. Ашық сабақты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қымбат Бұланқызы Брімжанова өткізді.





