"Петропавл қаласының білім бөлімі" КММ "№ 4 орта мектеп" КММ
Ресми интернет-ресурс

2026 жылғы 9 сәуірде мектепте СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Тасбулатов Р.Е.-нің қатысуымен ата-аналар жиналысы өтті

2026 жылғы 9 сәуірде мектепте СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Тасбулатов Р.Е.-нің қатысуымен ата-аналар жиналысы өтті. Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ балаларды тәрбиелеуде мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылы талқыланды.
Жиналыс аясында самокат мінген балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары туралы бейнеролик көрсетіліп, мұндай жағдайлардың ауыр салдарына ерекше назар аударылды. Ата-аналарға самокаттар мен мопедтерді тіркеу қажеттілігі және жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы ескертілді.
Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың өкілдері сөз сөйлеп, адам папиллома вирусының (ВПЧ) алдын алу мәселелері мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтаудың маңыздылығы туралы ақпарат берді.