2026 жылғы 23 қыркүйекте сағат 17:00-де «Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы аясында облыс прокуратурасы «Жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі» акциясын өткізді. Іс-шара барысында Петропавл қаласы мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары мен ата-аналар комитеті төрағаларының қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға арналған ата-аналар жиналысы өтті.





