"Петропавл қаласының білім бөлімі" КММ "№ 4 орта мектеп" КММ
Ресми интернет-ресурс

2025-2030 жылдарға арналған «Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру аясында мектебімізде «Бірыңғай құқықтық мәдениет күні» өтті

2025-2030 жылдарға арналған «Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру аясында мектебімізде «Бірыңғай құқықтық мәдениет күні» өтті. Осындай кездесулердің басты мақсаты - оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру және қоғам заңдарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.
Кездесудің құрметті қонағы әрі лекторы болып Петропавл қаласы ПБ 1-ПБ ЖПҚБ өкілі, полиция капитаны Уразова Камила Шаймергеновна қатысты.
Дәріс барысында маңызды тақырыптар талқыланды:
– Мектепте және қоғамдық орындарда құқыққа сай мінез-құлық негіздері.
– Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілігі.
– Құқық бұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдердің жеке қауіпсіздігі.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті жауаптар алды. Осындай іс-шаралар әрбір азамат заңды құрметтейтін әділетті қоғам құруға ықпал етеді деп сенеміз!