"Петропавл қаласының білім бөлімі" КММ "№ 4 орта мектеп" КММ
Ресми интернет-ресурс

15 желтоқсанда 7 «Г» сынып жетекшісі Жолашканова Орынбасар Құдабайқызы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан!» тақырыбында сынып сағатын өткізді

15 желтоқсанда 7 «Г» сынып жетекшісі Жолашканова Орынбасар Құдабайқызы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан!» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Іс-шара «Тәуелсіз Қазақстанның білгірі кім?» атты танымдық ойын түрінде өтті. Оқушылар ойынға белсене қатысып, тәуелсіздік тарихы, мемлекеттік рәміздер, көрнекті тұлғалар мен Қазақстанның жетістіктері бойынша жақсы білімдерін көрсетті.
Сынып сағаты оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға, өз еліне деген құрмет пен Тәуелсіз Қазақстанға деген мақтаныш сезімін арттыруға ықпал етті. Іс-шара жылы, танымдық атмосферада өтіп, оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.