15.12 Күні 7 "Д" сыныбында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының негізгі кезеңдерімен танысып, маңызды тарихи оқиғалар мен ұлттық құндылықтарды еске түсірді.
Сынып сағаты оқушылардың бойында патриоттық сезімді, азаматтық жауапкершілікті, өз халқының тарихына, мәдениетіне және тағдырына деген құрметті қалыптастыруға, сондай-ақ тәуелсіздіктің ел болашағы үшін маңыздылығын түсінуге бағытталды.





