12 желтоқсан күні «Мен елімді жырлаймын» атты қалалық фестиваль өтті, 22 мектептің ішінен №4 орта мектеп оқушылары топты жарып, жүлделі І орынға ие болды. Мақсаты: Оқушылардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, Тәуелсіз Қазақстанға деген сүйіспеншілігін арттыру, өнерлі жастарды қолдау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бұл жетістік – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің дайындығы арқасында,оқушыларымыздың таланты мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Барша қатысушыларды, ұстаздарды жеңіспен құттықтаймыз! Еліміздің мерейі асқақтай берсін!





